Қармақшылық бағбан салмағы 30 келі асақабақ өсірді
Қармақшы ауданының тұрғыны Мұсағали Өскелеңовтің үй адындағы бау-бақшасында өсірілген жеміс-жидектер, көкөністер және олардан алынған өнімдер жұртшылық қызығушылығын туғызады. Ол кісі қызмет ететін №105 орта ауласында осыдан он жыл¬дай бұрын азғантай ғана тал өсіп тұрған болса, бүгінде ұжым қызметкерлерінің күшімен егілген 300-ге жуық түрлі саялы ағаштар көктеп тұр.
Өзінің бағбандығы жөнінде сыр шерткен ағамыз «Өткен жылы өзің көргендей биыл да мен біршама жұмыстар атқардым. Бақшалығымда асқабақтың 8 түрі өсіп тұр. Қазіргі таңда олардың әрқайсысы 15-20 келіден болса, піскен кезде біреуінің салмағы 30 келіге дейін тартатын болады. Сонымен қатар, қы¬занақтың «Оранжевый», «Қара ханзада», «Қара бұршақ», «Бол¬гарс¬кий» және басқа да сорттарын ектім. Қиярдың 4 түрі, болгар бұрышының 2 түрі, қырыққабаттың 2 түрі, бақлажанның 2 түрі өсірілуде. Аллаға шүкір, еңбегім зая кеткен жоқ. Осындай тер төге еткен еселі еңбегімнің арқасында бүгінде жарым Ұлболсынның дастарханына қойылатын ас мәзірі молая түсті. Осы жеміс-жидектер мен көкөністерден түрлі тосаптар мен салат түрлерін дайындап алудамыз. Бізде тамыр-таныс, ағайын көп қой. Әрине, бақшадан шыққан өнімдермен олармен де бөлісудеміз. Ал, мына жайқала өскен бақтағы өскіндерге тоқталар болсақ, аумағы 20 сотықтан астам болатын бақ ішінде алманың 4 түрі, алмұрттың 2 түрі, жүзімнің 3 түрі, қара өріктің 4 түрі, қызыл және сары өріктің әрқайсысынан 2 түрінен бар. Сондай-ақ, қарақат, жиде ағаштары өсуде. Бәрі де жеміс беріп тұр» дейді. Сондай-ақ, ағамыздың ауласында саялы талдар ішінде тораңғұл мен терек, қаратал, үйеңкі мен Сыр талы және басқа да талдар өсіп тұр.