Облыс көлемінде ағымдағы эпидмаусымда ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп сипатталуда. Ауырған адамдардың негізі үлесі 14 жасқа дейінгі балалар және ол сырқаттанушылардың 73,4 пайызды құрайды, деп хабарлайды Қоғам-ТВ.
Республика аумағында Н1N1 H2N2 және В тұмау вирустары айналымда болса, облысымызда Н1N1 тұмау вирусы анықталған, облыс бойынша тұмауға қарсы 60 мың 285 астам адамға егілу жұмыстары жүргізілген. Профилактика әдістерінің бірі науқас адамдармен қарым қатынасты шектеу болып табылады, адамдар көп жиналатын жерлерге, білім ордаларында бармау, мезгілге сәйкес киіну қажеттілігі оқушыларға түсіндірілді.Сондай-ақ науқасқа күтім жасағанда сабынмен немесе дизенфекциялық сулықтарды пайдаланып қолды жиі жуу керектігі, құрамында С витамині бар ашытқан қырыққабат, цитрус өнімдерін және ақуызға бай өнімдерін пайдалану қажеттілігі айтылды.