Жаңақорған ауданында тұратын кәсіпкер Парадинов Еркін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» Қызылорда облысындағы филиалынан «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 70 млн теңге несие алды.
Оған асыл тұқымды сиырдан 128 бас қалмақ сиырын сатып алды. Қалмақ сиырларының сүт өнімділігі 800-1500 кг құрайды, ересек сиырларының салмағы 450-480 кг құрайды. Кәсіпкер «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына» алғыс айта отырып, мал санын көбейтуге ат салысатынын айтты.