Мемлекеттік қызметкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды
Қармақшы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің маманы, құқық бұзушы К.А. өз жұмысында бірқатар кемшіліктерге жол берген.
Аудандық соттың мәліметіне сүйенсек, 2015 жылы қаңтар айының 5 күні, ҚСжАЕБ мемлекеттік органға 2014 жылдың 12 айымен құқықтық статистика мен арнайы есепке алу деректерін қасақана бұрмалаған. Ол жеке тұлғалардан келіп түскен 11, заңды тұлғадан келіп түскен 1 өтініш қанағаттандырылмаса да, 1-ОЛ нысанды статистикалық есепте қанағаттандырылды деп көрсеткен. Сотта құқық бұзушы К.А. өзінің әрекетін мойындап, кешірім сұрап, шын жүректен өкінетіндігін көрсетті.
Сот құқық бұзушының әрекеті оның өзінің мойындауымен қатар және істегі басқа да құжаттармен толық дәлелденді деп, оны ҚР ӘҚБтК-нің 498-бабының 1 бөлігімен кінәлі деп тауып, оған жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 39640 тенге айыппұл салды.