Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазалы ауданында қарқынды істер баршылық

Қасиетті Қазалы ауданы – қашанда қайнаған қызу жұмыстың, тынымсыз тіршіліктің, қарқынды құрылыстың ордасы. Киелі Сыр өңіріндегі 80 мыңға жуық халқы бар Қазыналы ауданда жүріп жатқан жүйелі жұмыстарға, әрбір жағымды жаңалық халықтың көз алдында өтіп жатыр. Бұл жөнінде аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет айтып берді.


2025 жылы аудан бюджетін 18,9 млрд. теңгеге бекіттік. Есепті кезеңде нақтыланған бюджет көлемі 27,0 млрд. теңгеге жетті. 
Жыл басынан бюджетіміз 8,1 млрд. теңгеге артып, яғни43 пайызға ұлғайды. Ауданның өз кірістерінің жоспары 3,1 млрд. теңге болып бекітілді. Бүгінгі күнге жоспар 556,5 млн. теңгеге ұлғайтылып 3,7 млрд. теңге болып нақтыланды. (17,8 пайыз).
2025 жылдың 6 айына өз кірістеріміздің жоспары 2,3 млрд. теңге болса, нақты 2,4 млрд.теңгеге (104,7%)орындалды.
Аймақ басшысы жылдық жоспардың орындалуын  4 млрд. теңгеге жеткізудітапсырған болатын.
Бүгінгі күнге нақтыланған жоспар (3,7 млрд теңге)бойынша 2025 жылдың 6 айында 64,3 пайызға, орындалып отыр.
Жыл соңына дейін жоспарды 4,1 млрд теңге көлемінде орындап шығу межесі қойылып, бекітілген жоспардан қосымша 1,0 млрд теңгеге жуық түсім түсіреміз деген болжамымыз бар.   
Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 9,4 млрд. теңгені құрап, жыл басындағы (846,0 млн. теңге)көрсеткішпен салыстырғанда11 есеге өсті. 
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 16,6 млрд. теңге құрап, жыл басындағы (2 347,0 млн. теңге) көрсеткішпен салыстырғанда 7 есеге өсті.
Өңдеу өнеркәсібінің көлемі14,7 млрд.теңге құрап, жыл басындағы (1961,0 млн. теңге)көрсеткішпен салыстырғанда 7,5 есеге өсті.
Ал шағын және орта кәсіпкерлік саласында бүгінге дейін                   5273 кәсіпкер тіркеліп, нақты жұмыс жасап тұрғаны 5124 бірлік, яғни, белсенділік көрсеткіші – 97 пайыз болды. 
Аудандағы шағын және орта кәсіпкерлер тарапынан есепті кезеңде 12,8 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, салыстырмалы бағада 146,1 пайызға орындалды. 
2025 жылдың 6 айында  ауданда жаңадан 23 кәсіпкерлік нысан бой көтеріп, 45 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді.
Кәсіпкерлікті қолдау шараларына келсек, мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржы ұйымдары тарапынан 236 жоба бойынша аудан кәсіпкерлеріне 3,7 млрд. теңге несие, грант қаражаты берілді.  
Биыл ауданда Бірыңғай жалпыұлттық жобалар пулының Ұлттық цифрлық инвестициялық платформасына 6,5 млрд. теңгенің 5 ірі жобасы енгізілген. Оның 3-еуі жыл соңына дейін іске қосылмақ. Қазір жобалар жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда. Мәселен, «Арал Рыбторг»ЖШС-нің «Тауарлы балық өсіру үшін тоған балық шаруашылығының құрылысы» жобасы. Бүгінде кәсіпкерге Басықара ауылдық округінен 464 гектар жер учаскесі табысталып, құрылысы жүргізілуде.
Бөлшек сауда айналымы6,6 млрд. теңгені құрап, жыл басындағы (1 026,8 млн. теңге)көрсеткішпен салыстырғанда 6,5 есеге өсті.
Ауыл шаруашылығына келетін болсақ, 2025 жылы жалпы өнімнің көлемі 4 502,9 млн. теңге құрап, жыл басындағы (992,8 млн. теңге)көрсеткішпен салыстырғанда 4,5 есеге өсті.
Биыл аудан диқандары17 445 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын, оның ішінде күрішті 5636 гектарға екті. Атап айтқанда, дәнді дақылдар 5 881 га, майлы дақылдар 500 га, картоп, көкөніс, бақша 2164 га, мал азықтық дақылдар 8900 га.
Биыл ауданымызда Сырдария өзеніндегі болжанып отырған су тапшылығына байланысты межеленген күріш егісінің көлемі 800 гектарға кем орындалып,  әртараптандыру бағытындағы дақылдарға ерекше мән берілді. Жуық арада ғана ауданымызға ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов жұмыс сапарымен келіп, Сырдария өзеніндегі су деңгейінің төмен болуына байланысты шаруашылық басшыларымен кездесіп, бірқатар өзекті мәселелерді талқылады. Сондай-ақ алдағы шаруашылықтарға қажетті арнайы су насостарымен көмек көрсетілетінін жеткізді.
Сонымен қатар ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев ауданға арнайы келіп, Қазалы ауданында Дүниежүзілік банк қаржысы есебінен 440,7 млн теңгеге 33,5 гектар аумаққа салынған тұқымбақтың жұмысымен танысты. Аталған тұқымбақта бүгінде сексеуіл мен басқа да ағаштардың көшеттері отырғызылып, Арал теңізінің құрғаған табанына егілетін болады.
(Былтыр 17 029 гектарға егілген егін мерзімінде жиналған болатын. Күріш 6 200 гектарға себіліп, әр гектардан 40,4 центнерден өнім алынып, 26 095 тонна күріш қамбаға құйылды).
Есепті кезеңде ауданнан Ресей, Беларусь, Дания, Германия, Тәжікстан, Қытай, Литва, Нидерланды елдеріне 4728,4 тонна өнім, тарқатып айтсақ, 1010,1 тонна күріш, 419 тонна балық, 3299,3 тонна қамыс экспортқа шығарылды. 
Бүгінде аудан бойынша мал басында өсім бар,  54 850 бас ірі қара, 59 222 бас жылқы, 14 773 бас түйе, 109 423 бас уақ мал, 6964 бас құс тіркелген.
Өңірімізде 2023 жылдан бері агроөнеркәсіп кешенін, ауыл шаруашылығы коперациясын дамыту арқылы халықтың табысын арттыруға, кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы басталғаны белгілі. Қазалы ауданында 2023 жылы 484,4 млн теңгенің 68 жобасы шеңберінде 92 жұмыс орны ашылса, 2024 жылы399,1 млн. теңгеге 63 жоба жүзеге асты. 
Биыл 835,1 млн теңгеге 124 жоба аясында жаңадан 135-ке жуық жұмыс орнын ашу жоспарланған.
Ауданымызда халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін баспанамен қамту, сапалы инфрақұрылым жүргізу жұмыстары жалғасуда. 
– Ауызсумен қамту бойынша өткен жылы екі елді мекенге (Ажар, Жұбан) су тұщытқыш қондырғы орнатылды. Биыл Сарбұлақ, Шилі, Шәкен және Шитүбек елді мекендерінде жұмыс жүргізілуде. Алдағы қыркүйек айында жұмыс аяқталған соң, Қазалы ауданы халқын таза ауызсумен қамтамасыз ету көрсеткіші 100 пайызға жетеді. 
Электр энергиясымен қамтуға қатысты айтар болсақ, өткен жылы ауданда 3 жоба жүзеге асты. Биыл Қазалы қаласы мен Қожабақы ауылының электр желілерін жаңартуға қаржы бөлініп, жұмыс жүргізілуде. Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентінің аралығындағы жаңадан ашылған кварталдардағы нысандар мен тұрғын үйлерге керекті электр энергиясының қуаттылығын арттыру мақсатында қосалқы стансасының құрылысы басталды. Осылайша биыл тозған желілерді 62,5 пайыздан 58 пайызға төмендетпекпіз.
Сонымен қатар биыл ауданға қарасты Түктібаев, Бозкөл, Жалаңтөс батыр, Қ.Пірімов, Жанкент, Абай ауылдарының жеке тұрғын үй секторын электрмен жабдықтау үшін жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынып, қаржы бөлу мақсатында тиісті Министрлікке жолданды.
Аудан тұрғындарын табиғи отынмен қамтамасыз ету жайына ойыссақ,  газбен қамтудың индикаторлық үлесі қала және елді мекендер бөлінісінде 21 пайыз, жеке тұрғын үйлердің 74,4 пайызы газға қосылған (барлығы 15669 үй, 11578 үй газдандырылған).
Елді мекендерді газдандыруда 2024 жылдан бері 3 жоба жүзеге асты. Бұған дейін Абай, Ақтан батыр ауылдарына газ желісі тартылып, пайдалануға берілді. Биыл Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл, Түктібаев елді мекендерінің магистральды газ құбырына қаржы бөлініп, жұмыс жүргізілуде. Биыл аталған 4 ауылға да орамішілік газ жүргізу жұмыстарын жүргізіп, елді мекендерді көгілдір отынға қосу жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар біткенде елді мекендерді газбен қамту көрсеткіші 73 пайызға жетеді.
Мұнан бөлек, Ақсуат, Байқожа, Өркендеу, Бірлік, Қожабақы және Аранды ауылдарын газдандырудың жоба-сметалық құжаттары әзірленді.
Жалпы ауданның коммуналдық меншігінде барлығы 375 шақырым аудандық маңыздағы автомобиль жолы бар. Оның ішінде 259,1 шақырым асфальтты, 82,4 шақырым қиыршық тасты және 33,5 шақырым топырақты жолдар. Жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 91 пайызды құрайды.
Өткен жылы аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерін қайта жаңғыртуға, күрделі және орташа жөндеуге бюджеттен 1 633,9 млн. теңге қаржы бөлінді. 
Оған 20,6 шақырым болатын  «Бозкөл-Тасарық», «Бекарыстан би-Шөмішкөл» және тағы 224 метр жол, 4,9 шақырымдық 4 көше, Әйтеке би, Жанқожа батыр, Қазалы қаласының 15 көшесі, Оған қоса 3,1 шақырым болатын Әбілқайыр хан, Бегім ана, Сырым батыр көшелері күрделі жөндеуден өтіп, 6,16 шақырым болатын 26 көшеге орташа және ағымдағы жөндеу жүргізілді.
Биыл «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында барлығы 23 жоба, оның ішінде Әйтеке би кентінен 19 көшені, елді мекендер бойынша 4 көшені орташа және күрделі жөндеу, Қазалы қаласының10 көшесін қайта жаңғырту, Жанқожа батыр ауылының кіреберіс жолы мен «Әлсейіт» көпірінен бастап Бекарыстан би ауылына дейінгі аралықты күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынды. 
Қазалы ауданы бойынша 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымын барлығы 166 нысан сәтті аяқтады. Үлкен ақаулар орын алған жоқ. Барлық коммуналдық мекемелер штаттық режимде жұмыс жасады.
Ендігі ретте алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізу үшін арнайы жұмысшы топ құрылып, тиісті іс-шара жоспары бекітілді.Қазіргі таңда, аудандағы 166 нысан дайындық жұмыстарын жүргізуде.Биылға17 мың тонна қатты отын және 1,9 мың тонна сұйық отын қажеттілігі жоспарланды. Бұған қоса, өткен жылыту маусымынан қатты отын тасымалдаушы операторлардың қоймаларында 900 тоннаға жуық көмір қоры бар. Аудан орталығындағы «Қазалы-ТеміржолЖылу» мекемесі бойынша өткен жылу беру маусымында штаттық режимде жұмыс жасады. Биыл филиал өз қаражаты есебінен қазандықтарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп,барлық жоспарлы жөндеу жұмыстары алдағы жылыту маусымына дейін толық аяқтайтын болады.
2025 жылы ауданда құрылыс жұмыстары қарқын алып, бұл салада да ауқымды шаруалар атқарылды.
Құрылыс жұмыстарының көлемі6 айда5649,0 млн. теңгені құрады. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,4 есеге өсті.
Тұрғын үй құрылысы бойыншаесепті кезеңде 22 641шаршы метр тұрғын үй салынып, жыл басындағы көрсеткішпен салыстырғанда 11 есеге өсті.
Өткен жылы аудан халқын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 2 пәтерлік 74 тұрғын үй салынып, 148 пәтер табысталса, ал биыл тағы да 2 пәтерлі 50 тұрғын үйдің құрылысы басталып, 100 отбасыға жаңа баспана табысталмақ.
Жыл басында прокуратураның жаңа ғимараты пайдалануға берілсе, бірнеше жылдан бері құрылысы тоқтап қалған «Қарлан»учаскесіндегі Сырдария өзені арқылы өтетін көпір құрылысы да қайта басталды. Қазіргі таңда Қарлан көпірінің құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Қазір Әйтеке би кентіндегі 120 жылдық тарихы бар теміржол вокзалы күрделі жөндеу жұмыстары басталып, вокзал жанындағы теміржол өткелі де қайта салынуда. Бұл нысандарды жыл соңына дейін аяқтап, пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз.
Одан бөлек, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен Әйтеке би кентінде, Бекарыстан би және Қожабақы ауылдарында 3 спорт кешені,  аудан орталығы мен елді мекендерде демеушілік есебінен спорт және ойын алаңдары салынуда. 
2025 жылы аудан орталығын абаттандыру мақсатында аудандық бюджет есебінен қарқынды құрылыс жұмыстар жүргізілді.
Абаттандыру және құрылыс жұмыстары жүргізілген Қазалы мәдени-демалыс кешені, Орталық алаң, теміржол вокзалы жанындағы Әйтеке би алаңы, Жанқожа батыр көшесінің бойындағы «Руханият» сквері сынды орындар бүгінде аудан халқы мен қонақтарының сүйікті демалыс орындарына айналды..
Алдағы уақытта да халқымыздың игілігі, тұрғындарымыздың жайлы тұрмыс-тіршілігі, жастарымыздың жарқын болашағына бағытталған ауқымды жобаларымыз жалғаса береді. 
Ауданда 91(37 мектеп, 1 кешкі мектеп, 50 мектеп дейінгі, 3 қосымша)білім беру ұйымы жұмыс істейді. Өткен жылдың басында Әйтеке би кентінде 250 орындық мектеп, биыл наурыз айында Жанқожа батыр ауылында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 300 орындық мектеп пайдалануға берілді. 
Ал, биыл №234, 70, 88, 95, 98, 216, 165, 249, 266 мектептерді ағымдағы және күрделі жөндеуге қаржы бөлініп, жұмыс басталды. Сонымен бірге, Қ.Сәтбаев атындағы №216 орта мектеп ғимаратының қасбетін қаптауға және Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицей ауласына ойын алаңын салуға қаржы бөлініп, жұмыс жүргізілді.
Сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында да аудан көлемінде тиісті органдармен бірлескен түрде «Қауіпсіз жол», «Түнгі қаладағы балалар», 
Бұған дейін ауданымыздағы Абай, Бозкөл және Кәукей ауылдарында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында дәрігерлік амбулториялар пайдалануға берілсе, биыл «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Қазалы аудандық көп бейінді орталық ауруханасының жанынан 42 төсектік кардиология және инсульт орталығының құрылысы басталды.
Өөткен жылдың басында аудан орталығында Р.Бағланова атындағы 600 орындық жаңа мәдениет үйі мен Кәукей ауылында 100 орындық ауылдық клуб пайдалануға берілсе, бүгінгі таңда Майдакөл ауылында 100 орындық ауылдық клубтың құрылысы жүргізілуде.
Наурыз меркесінде Жанқожа батыр ауылындағы 300 орындық «Жайлы мектепті» пайдалануға берлісе, Ақтан батыр ауылы көгілдір отынға қосылды. Ал, Жеңіс мерекесінде қонақтар Әйтеке би кентіндегі Қазалы мәдени-демалыс кешенімен танысып,Руханият орталығының ашылуына қатысты. Аймақ басшысы мен қонақтар аудандағы атқарылған жұмыстары мен мәдени-көпшілік шаралардың жоғары деңгейде өткенін айтып, оң бағасын берді.
Бүгінде аудан орталығында пайдалануға берілген Руханият орталығына неке қию залы, кітапхана, музей, архив, жастар сарайы, ардагерлер мен аналар үйі біріктірілді. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: