Қармақшы ауданы полиция бөлімінің бастығы тағайындалды
Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Амитов Шамшидин Егембердиевич бөлімнің жеке құрамына Қармақшы ауданы Полиция бөлімінің жаңа басшысын таныстырды.
Полиция полковнигі Жаркинбаев Бахытбек Зейнуллаевич 1969 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 1990 жылы КСРО ІІМ-нің жоғары саяси училищесін және 1998 жылы ҚР ІІМ-нің Қарағанды жоғары академиясын бітірген.
Ішкі істер органдарындағы қызметін 1986 жылдан бастаған.Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол. Жалағаш ауданы Полиция бөлімінің бастығы лауазымында және Департаменттің жедел іздестіру саласында қызмет атқарған. Ағымдағы жылдың 14 сәуірінен бастап Қармақшы ауданы Полиция бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.