ҚАЗАЛЫДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әміреев Қазалы ауданына жұмыс сапарымен келіп, аудан кәсіпкерлерімен кездесті.
Алдымен облыс бойынша кәсіпкерлік саласының даму көрсеткішіне жан-жақты тоқталған Ғалым Махмұтбайұлы кәсіпкерлермен еркін форматта пікірлесті. Қазалыда сауда-саттық өте жақсы дамығандығын айта келіп, алдағы уақытта егін егумен айналысуға шақырды. Ол үшін өңірге қолайлы дақыл түрлерін таңдап, қолға алса, тиісті қолдаудың жасалатындығын да баяндады. Аудан кәсіпкерлері де өз жобалары бойынша ойларымен бөлісіп, проблемалық мәселелерді ортаға салды.