Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛ АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

АРАЛ АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

 

Арал ауданы әкімінің 2016 жылғы 4 қазандағы№ 390 санды өкімімен Есжанов Шерхан Жұбаханұлы «Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Есжанов Шерхан Жұбаханұлы – 1985 жылы 25 қаңтарда Арал ауданы Қарақұм елді мекенінде дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2006 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, «Жол қозғалысын ұйымдастыру» және 2013 жылы осы университетті, «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын, 2008 жылы «Ұлы қабырға» Қазақстан бұрғылау компаниясы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мұнай және газ бұрғылаушысының көмекшісі болып бастаған.
2011-2014 жылдары Арал аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы.
2014-2015 жылдар аралығында Арал ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыстар, құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы, 2015 жылдан бастап осы уақытқа дейін ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарып келеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: