Қазалы аудандық сотының 2015 жылғы 17 ақпандағы үкімімен сотталушы Т. ҚР ҚК-нің 175 бабының 3-бөлігінің «б» тармағымен, яғни ірі мөлшерде жасалған ұрлық қылмысы үшін кінәлі деп танылды.
Оның жеке өзіне тиесілі мүлкі тәркіленіп, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы, сотталушылар Ш. мен Ж. ҚР ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі 175 бабының 3-бөлігінің «б» тармағымен кінәлі деп танылып, оларға 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ҚК-нің 63-бабына сәйкес тағайындалған жаза сол мерзімге шартты деп есептеліп, 2 жыл сынақ мерзімі тағайындалды.
Сотталушылар Т., Ш. және Ж. алдын ала сөз байласып, соңғы екеуі оған мал ұрлығына көмектесуге келісіп 2014 жылдың қазан айының 9-нан 10-на қараған түні жайылымда жүрген жәбірленуші Қ.-ның құны 500 мың теңге тұратын бір бас бұқасын, әр қайсысының құны 200 мың теңгеден тұратын 10 бас аналық сиырын, барлығы 11 бас сиырын ұрлап, жәбірленуші Таңжарық Қамаға 2 500 000 теңге мүліктік залал келтірген.