«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығы хабарлауынша, 24 қараша күні Қызылорда облысында кей жерлерінде жауын-шашынды (жаңбырдың қарға ұласуы), жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с. 25 қараша ауа температурасы түнде және күндіз 10-15, кей жерлерде 20-25 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.
Осыған байланысты, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.