Қызылордада балық өнімдері 9 мемлекетке экспортталды
Жыл сайын аймақта балық аулау көлемі артып келеді. Ағымдағы жылдың 6 айында облыста ауланған балық көлемі 5301 тоннаны құраса, экспорт 2037 тоннаға жетті.
- Биыл 2 мың тоннадан астам балық Ресей, Польша, Нидерланды, Германия, Грузия және Литва елдеріне экспортталды. Облыста балық шаруашылығын дамыту мақсатында, тауарлы балық өсіру жұмыстарын күшейтудеміз. Өткен жылы облыста 155 тонна тауарлы балық өсірілсе, тауарлы балық өсіретін шаруашылықтардың саны 10-нан 20-ға жетті. Енді биыл 30-ға жеткізсек, балық өсіру көлемін 172 тоннаға ұлғайтамыз деп жоспарлап отырмыз, - деді облыстық табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Оспанов.
Айта кетейік, өткен жылы облыста ауланған балық көлемі 9 пайызға өссе, экспорт 2 пайызға ұлғайды. Сондай-ақ, балық өнімдері 9 мемлекетке экспортталды. Соңғы 5 жылда балық экспорты 1,2 есеге өсті.