Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына басшы тағайындалды
Облыс әкімінің 2015 жылғы 24 маусымдағы өкімімен Жаханов Бахыт Дүйсенұлы Қазалы ауданының әкімі қызметінен босатылып, Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Жаханов Бахыт Дүйсенұлы 1974 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1992 жылы Ы. Жахаев атындағы политехникалық институтында экономист-менеджер мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 1996 жылы Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы департаментінің жетекші маманы болып бастаған. 2008-2011 жылдары Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы, сондай-ақ, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларын басқарған. 2011-2013 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 2013 жылдың ақпан айынан осы кезге дейін Қазалы ауданының әкімі лауазымында қызмет атқарып келді.
– Соңғы 2 жылда ауыл шаруашылық саласына бөлінген қаржы 7 есеге өсті. Бұл саладағы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда қыруар жұмыс бар. Сондықтан Президент әкімшілігінің келісімімен жауапты қызметті Бахыт Дүйсенұлына тапсырып отырмыз. Жұмысына сәттілік тілейміз, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.