Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ АРНАЛДЫ

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ АРНАЛДЫ«Жібек жолы» ойын-сауық орталығында Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларының қатысуымен «Алға, Қазақстан» атты жастар акциясы болып өтті.
Шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай ұйымдастырылды. Бұл күні еліміздің әр аймағында орналасқан 20 Назарбаев зияткерлік мектебінің 3000-ға жуық оқушысы халық көп шоғырланған орталықтарға жиналып, жаппай флеш-моб биледі. 
Акция барысында Сыр өңіріндегі білім ордасының 100-ге жуық оқушысы «Біз болашағымызға сенімді, білімі терең, арманы асқақ талантты өрендерміз! Біз еліміздің болашақ зияткер, мәдени және ғылыми көшбасшыларымыз!» секілді ұрандар айтты. Сонымен қатар жас зияткерлер Елбасының мемлекеттің өсіп-өркендеуі жолында еткен еңбегі мен жас ұрпақтың сапалы білім алуына жасап жатқан мүмкіндіктері үшін өз алғыстарын жеткізді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: