Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

БІР САҒАТТА ЕКІ ДҮКЕНДІ ТОНАҒАН

БІР САҒАТТА ЕКІ ДҮКЕНДІ ТОНАҒАНҚызылорда қаласында бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену дерегі орын алған. Бұл жайында Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі хабарлады. 
Атап айтқанда, сағат 11.00 шамасында қала орталығында орналасқан дүкен терезесінің темір торын бұзу арқылы кіріп, азық-түліктерді қолды еткені жайлы хабарлама келіп түседі. Залалдың жалпы сомасы 215 560 теңгені құраған. 
Қылмыскер осы әрекетімен тоқтамай, 40 минут өткеннен кейін осы қылмыстық әрекетін аумақта орналасқан келесі дүкенде де жүзеге асырады. Бұл жолы ол кассадан 6000 теңге көлеміндегі ақшаны, 35 дана отшашулар мен аз ғана азық-түліктерді ұрлаумен шектеледі. Сөйтіп, дүкен егесіне жалпы көлемі 23 100 теңгені құрайтын шығын келтіреді. 
Аталған деректер бойынша жедел іздестіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 30 жастағы қала тұрғыны ұсталады. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 2-бөлігі бойынша (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сезікті азамат Уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: