Өткен жылы Қызылорда облысындае 793 алаяқтық қылмысы тіркелген. Бұл көрсеткіш 2015 жылы 1137 қылмыс тқұраған еді. Ол алдыңғы жылмен салыстырғанда 30,2 пайызға төмендегенін көрсетіп отыр. Бұл жөнінде облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі мәлім етті.
Олардың көбі әлеуметтік жағдайларды түзеп беруге, атап айтқанда, жұмысқа орналастыруға, мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындауға, жеңілдетілген пайызбен несие алып беруге, жер немесе пәтер алу жұмыстарына көмектесуге уәде етеді. 2016 жылдың өзінде «жер учаскелерін алып беремін» деп алдап, ақшасын заңсыз иемденіп кетудің бірнеше дерегі тіркелген.
Мәселен, 2016 жылдың наурыз айында қала тұрғынынан «жер сатып алып, құжаттарын аз уақыттың ішінде заңдастырып беремін» деген желеумен 350 000 көлемде ақша алып, уәдесінде тұрмағандығы жөнінде арыз келіп түседі. Аталған арыз негізінде күдікті азаматшаның жеке басы анықталып, оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, іс сотқа жолданған.
Дәл осындай дерек бойынша 2016 жылдың 24 маусымында да арыз келіп түскен. 1979 жылы туылған қала тұрғыны 2015 жылдың маусым айында Ж.Махамбетов ауылынан «жер учаскесін алып беремін» деп сендіріп, жәбірленушісінен 700000 теңге көлемінде ақша алған. Алайда айтқан уәдесінде тұрмай, ақшасын заңсыз иемденіп қалған. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, заңды үкім қабылдану үшін іс сотқа жолданған.