Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАРМАҚШЫДА ЖАҢА НЫСАНДАР ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚАРМАҚШЫДА ЖАҢА НЫСАНДАР ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

 

Аймақ басшысы Қ.Көшербаев ауданда болған іс-сапарында жеке кәсіпкер Б.Жұмабековтің кент орталығында заман талабына сай бой көтерген «Достық» автостанциясы мен коммуналдық базарының жұмысымен танысты. 
Автостацияда асхана, билет кассасы, күту залы, ана мен бала және тынығу бөлмелері жолаушыларға қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда аудан тұрғындарына «Жосалы-Қызылорда» бағыты бойынша жоғары сыйымдылықтағы маршруттық автобустар қызмет көрсетуде. Алдағы уақытта кентішілік, аудан және елдімекендерге де осы автостанция арқылы автобустар мен газель көліктері қатынайтын болады. 10 нан аса қызметкер еңбек ететін нысан жанында автокөлік жуу, және жөндеу шеберханасы да тұрғындарға өз қызметін ұсынуда. Сонымен қатар негізінен ауылшаруашылығы мен азық-түлік, құрылыс және басқа да тұрмысқа қажетті заттарды сатуға арналған, жалпы пайдалану алаңы 630 шаршы метрді құрайтын 100 адамға арналған коммуналдық базарда 70 сауда орны болса, базар ауласында 50 орындық сауда қатарлары жұмыс жасайды. Облыс әкімі аталған нысандардың жұмысымен танысу барысында еңбек ардагерлерімен жүздесіп, елімізде, оның ішінде аймақ тұрғындарының әлеуетін арттыруға байланысты атқарылып жатқан игі істермен, алдағы жоспарлар жайында әңгімеледі. Айта кетейік,кәсіп жолын азық-түлік сауда саласынан бастаған Бақтияр Жұмабеков 2015 жылы «Автобус бекетін ашу» жобасы бойынша «Қызылорда Өңірлік Инвестициялық Орталығы» арқылы 10,0 млн теңге несие алған болатын. Кәсіпкер бұған дейін де кент орталығынан бірнеше кәсіпкерлік нысандар ашып, халыққа қалтқысыз қызмет етіп келеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: