Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Есірткі сатқаны үшін сотты болды

Есірткі сатқаны үшін сотты болдыҚызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-тің 259-бабының 3-бөлігінің «в» тармағымен кінәлі деп танылған К.-ға қатысты үкім жарияланды.
Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің хабаралуынша, К. заңсыз жолмен героин есірткі затын сатып алып, оны бөлек-бөлек орап, таныстарына оны сатып алуға ұсынған.
2014 жылдың 3 қараша күні сағат 17 шамасында К. азамат А.-ға 10 000 теңгеге жалпы салмағы 0,77 грамм героиннің  2 орамасын заңсыз сатқан. К.-ны ұстап, оның үстіне тінту жасаған кезінде үстіндегі киімнің қалталарынан 5 дана бөлек оралған, сатуға дайындалған, жалпы салмағы 1,23 грамм героин есірткі заты табылған.
Сот үкімімен К. мүлкі тәркіленіп 10 (он) жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді. Одан басқа К.-ны нашақорлықтан емдеу үшін медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылды.
К. бұдан бұрын да заңсыз есірткі сатқан үшін сотты болғанын, бірақ мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғанын айта кету керек. Үкім заңды күшіне енген жоқ.  
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: