Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Алтынбай атакәсіпті жандандырады

Сырдария ауданының орталығы - Тереңөзек ауылында тұратын Алтынбай Айымбетовтың несие қаржысына сатып алған биелері құлындап, мал басы өсіп жатыр. Ол Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Қызылорда филиалынан  4 млн теңге несие рәсімдеп, 12 бас бие сатып алған болатын. 
Төрт түліктің төресін өсіруді қолға алған кәсіпкер жылқының жайы мен бабын жақсы біледі. Алдағы уақытта атакәсіпті дамытып, жылқы еті мен сүтін табыс көзіне айналдырмақ.
Айта кетейік, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры “Еңбек” нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында мал шаруашылығымен айналысамын дейтіндерге 6,5 жылға 6 процентпен 4 млн теңгеге дейін несие береді. Бір жылға дейінгі жеңілдік мерзімі де бар.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: