Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

СЫР ӨҢІРІНЕН 800-ДЕН АСТАМ САРБАЗ ӘСКЕРГЕ АТТАНАДЫ

СЫР ӨҢІРІНЕН 800-ДЕН АСТАМ САРБАЗ ӘСКЕРГЕ АТТАНАДЫ

 

Бүгін Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы 
Мұрат Дәулетбаховтың қатысумен баспасөз конференциясы өтті.
Баспасөз-конференциясында департамент басшысы ҚР Қарулы күштнрінің 25 жылдығы және «Көктем - 2017» әскерге шақыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
«2017 жылғы көктемгі әскери қызметке шақыру жұмыстарын сапалы өткізу мақсатында қаңтар-ақпан айлары аралығында Қызылорда облысында бекітілген жоспарға сәйкес әскер қатарына шақырылушылармен және олардың ата-аналарымен алдын-ала зерделеу жұмыстары атқарылды. Нәтижесінде, облыс бойынша қаңтар-ақпан айларында 4326 азаматқа зерделеу жұмысы жүргізіліп, оның 3336 іріктелді. Қазіргі таңда болашақ Отан қорғаушы азаматтар Қызылорда қаласында медициналық комиссиядан өтуде. Жастарды әскерге шығарып салу іс-шарасы наурыз айының 25-і мен маусым айының 26-сы аралығында ұйымдастырылады. Биылғы көктемгі щақыру кезінде Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерімен өзге де әскери құралымдарына қызметін өтеуге 800-ден аса азамат аттанатын болады. Қазіргі таңда 14 команда құрамында 400 аса азамат аттандырылды» - деді М. Дәулетбахов.
Қазіргі таңда облыс бойынша 53 соғыс ардагері бар. Қорғаныс саласының қызметшілері ҰОС соғыс ардагерлерін Жеңістің 72 жылдығымен құттықтады.
Мұнан өзге, 8 мамыр күні А. Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде Отан қорғаушылар және Жеңіс күніне арналған «Ұлы Жеңіс – рух айбыны» атты мерекелік концерт өтетіні белгілі болды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: