Аққорған ауылында көкөніс консервілеу цехы ашылмақ
Жаңақорған аудандық Аққорған ауылында кәсіпкерлік саласы кең қанат жаюда. Онда бірнеше азық- түлік дүкендері, тұрғын- үй жиһаздары мен пластикалық материалдардан есік, терезе жасау орындары және наубайхана халыққа тұрақты түрде қызмет көрсетуде.
Ал келер жылы кәсіпкер З. Мамбетов 1,0 га жылыжай және көкөніс, жеміс-жидек консервілеу цехын ашуды жоспарлап отыр. Қазір сол үшін жер учаскесін құжаттарын рәсімдеп, қаржы институттарымен байланысуда.