Кәсіпкерлерді қолдауға арналған «Zhas Projekt» жобасы аясында бірқатар кәсіптер ашылуда. Тіпті аймақ үшін жаңалық болатын тың кәсіпкерлік нысандар да іс бастады. Соның бірі «Аурухана клоунадасы» кіші жобасы.
Мақсат - қысқа және ұзақ мерзімді ем алушы балаларға арт-терапия, ойын терапиясы арқылы өмірге құлшынысын ояту, диагноздық ауруларын жеңуге жәрдем жасау, аурухана атмосферасына үйрету, көңілдерін аулап бос уақыттарын тиімді өткізу.
Жоба авторлары әрбір қызметті ұсыну кезінде балалардың шынайы күлкісі мен олардың бір сәт болсын өздерін ауруханада жүргендерін ұмытып, ерекше құлшыныстарын көру басты міндетіміз дейді.
Бүгінде жобаны орындау жолында Қызылорда қаласында орналасқан оқу орындарының педогогика мамандықтарының студенттері, шығармашыл және белсенді жастар жұмыс жасайды.
Назар қойып айту керек, бұл жоба алғашқылардың бірі болып Қызылорда қаласында жүзеге асырыла бастады.