Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«Жайлы мектеп»: Биыл 10 білім нысанының құрылыс жұмыстары басталады

Облыста алдағы үш жылда «Жайлы мектеп» жобасы аясында 15 100 орынға арналған 21 заманауи мектеп салынады деп жоспарлануда. Ал биыл аталмыш бағдарлама шеңберінде 10 білім нысанының құрылыс жұмыстары басталады. Осының нәтижесінде, өңірдегі апатты мектептер саны азайып, оқушылардың тереңдетілген түрде білім алуына мол мүмкіндік жасалмақ. 


Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет хабарлады.
-  Аймақта өткен жылы 6 жаңа мектеп пен 19 балабақша ел игілігіне пайдалануға берілді. Бұған қоса, өңірдегі 6 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал биыл 5 жаңа білім ордасын халық игілігіне табыстауды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар елді мекендердегі 47 мектепті қайта жаңартып, 51 білім беру ұйымына пәндік кабинеттер жасақталатын болады. Бүгінде облыстағы апатты мектептерді жою - білім саласындағы басты мәселелердің бірі. Осыған сәйкес, былтыр апатты деп танылған 6 мектептің үшеуінің мәселесі шешілсе,  қалған 3 мектеп «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынатын болады. Жалпы жыл сайын  өңірдегі мектептерде орын тапшылығы туындайтыны жасырын емес. Қажеттілікті ескере келе, қаладағы Абай мектебіне 550,  №101 мектепке 375 қосымша орын жасақталып, биыл оқушыларға беріледі. Осы арқылы мектептегі үш ауысымға ауысу мәселесі түбегейлі шешетін боламыз. Тағы бір білім саласындағы жаңалық, 2023 жылы 1-4 сынып аралығындағы балаларды ыстық тамақпен қамтуға жергілікті бюджеттен 5,6 млрд.теңгеге жуық қаржы бөлінді. Бұл аймағымыз бойынша алғаш рет жүзеге асырылып отыр, - деді облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: