Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Шалғай ауылдардағы мектептерге көлік берілді

Шалғай ауылдардағы мектептерге көлік берілдіАрал ауданының Жіңішкеқұм, Қаратерең елді мекендеріндегі №82,№230 орта мектеп ұжымдарына автокөлік кілті табысталды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Салтанатты жиында сөз алып, автокөліктердің кілтін аудан әкімінің орынбасарлары Мұхтар Оразбаев пен Қуаныш Жанұзақов шалғайдағы оқушылардың тасымалына қызмет етеді, сондай-ақ, балалардың сапалы  білім алуына мол мүмкіндік жасайды деп сенім білдірді. Мектеп ұжымының мұқтажына құлақ түрген аудан әкімшілігіне ризалығын білдірген мектеп директорлары қуанышын жасыра алмады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: