Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

"Құдайға шүкір "бандының" ұрпағымыз": Белгілі журналист бандылар туралы ойын қайта ортаға салды

Белгілі журналист Серік Әбікенұлы "Саяси-қуғын сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы" жарлығының жобасына орай өз ұсынысын жеткізді. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"ҚР президенті Қ.К. Тоқаевтың "Саяси-қуғын сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы" жарлығының жобасы шығыпты. Комиссияға қойылатын бірінші талап - заңсыз қудалауға ұшырағандарды толық ақтау! Осыған орай әңгіме қозғалған мамыр айындағы "бандылар" туралы ойымды қайта салып отырмын:
Менің екі жылдан бері айтып келе жатқан ұсынысым:
Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы
1993 жылғы 14 сәуiрдегі Заңды өзгерту керек . Оның 6-бабы, әсіресе в) тармағы отаршы Совет үкіметін қорғайды.
а) шетелге қашып немесе ұшып кетуден басқа Отанды сатудың барлық формалары; қарулы көтерiлiс немесе қарулы бандылар құрамында Республика аумағына революцияға қарсы мақсатта басып кiру және олар жасаған кiсi өлтiрулерге, басқа да күш көрсету әрекеттерiне; тiмiскiлiк, терроризм актісі, бүлдiру әрекеттерiне қатысу;
б) жай халық пен әскери тұтқын­дарға қатысты күштеу әрекеттерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы кезiнде осындай әрекеттер жасауына басқыншылар мен Отанын сатқандарға деп берушiлiк;
в) қарулы бандыларды ұйымдастыру және олар жасаған кiсi өлтiрулерге, басқа күштеу әрекеттерiне қатысу.
Міне, осындай шым-шытырық. Аштан өлмеу үшін қолына қару алған азаматтар неге "банды" болуы керек, "революцияға қарсы" деген не сөз? Бұған салсақ 1916-32 жылдары көтеріліс жасаған қазақтың бәрі бандит. Комиссия осыны ескерсе", деген ұсыныс айтты журналист.
Аталған жазбаға көпшілік қолдау білдірді.Ал Заңғар Алтай есімді оқырманның бірі "Құдайға шүкір "бандының" ұрпағымыз" деген пікір қалдырды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: