«БӘЙТЕРЕК» ШАҒЫН АУДАНЫНАН ЖЕР ТЕЛІМДЕРІ ӘЗІРЛЕНЕДІ
Қызылорда қаласының бас жоспарына сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы мәселесін шешу бағытында қажетті шаралар қабылданып, тиісті жұмыстар кезең-кезеңмен жүзеге асырылады.
Атап айтқанда, қала аумағының көлемі бұған дейін 11 мың гектарды құраса, бас жоспарға сәйкес бұл жер көлемі 20 мың 582 гектарға ұлғайтылды.
2016 жылы Бәйтерек тұрғын ауданынындағы инженерлік желілерімен толықтай қамтамасыз етілген 980 гектар аумақтан, кезекте тұрған 6 мың 600 азаматқа жер учаскесі табысталған болатын.
Бүгінгі күні, осы аумақтан қосымша 150 гектар жер телімдері әзірленіп, инженерлік желілерінің жобасы дайындалды.
Жоба толық аяқталған уақытта 1 мың 267 азамат тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерімен қамтамасыз етіледі.