Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қоғамдық бақылау тобы қандай жұмыстар атқарды?

Covid-19 қоғамдық бақылау, денсаулық сақтау, ішкі саясат басқармасы, әкімдік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен тығыз байланыста. Барлық бақылаулар өңірлік үйлестірушіге беріледі және әлеуметтік желілерде жарияланады. 
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 пандемиясы кезінде медициналық ұйымдарға арнайы мониторинг жүргізу мақсатында құрған қоғамдық бақылау тобының жетекшісі Ольга Чебакова мәлімдеді
- Шілде айынан бастап біздің топ гуманитарлық көмектің келуіне қатысып, оны тіркеп, әлеуметтік желілерде жариялады. Ауруханаларға мониторинг жүргізіліп, тексеру актілері толтырылуда. Апта сайын онлайн-режимде өңірлік үйлестірушілер арасында кездесулер өткізіліп, барлық мәселелер талқыланды. Егер Қоғамдық бақылау алдына қойылған міндеттерді іске асыру кезінде қандай да бір проблемамен бетпе-бет келсе, барлық мәселелер орталыққа, тікелей министрлікке беріледі, - деді Ольга Константиновна.
Сондай-ақ, жылдам және нақты ақпарат алу үшін @Coronavirus2020kz_Bot телеграммасында боттың прототипі жасалды. Мұнда Қазақстанның кез келген тұрғыны сұрақ қоя алады, өтініш жазып, шағым бере алады. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: