Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қаратереңде кондитерлік өнімдер дайындайды

Арал ауданы Қаратерең ауылының тұрғыны Бақытгүл Демесінова кондитерлік өнімдері дайындаумен айналысады. Бүгінде ол жасаған өнімдер жергілікті тұрғындар арасында зор сұранысқа ие.
Бақытгүл Әділбекқызы – Арал ауданындағы Қарашалаң ауылының тумасы. Ол бастапқыда жай ғана қызығушылықпен басталған кәсіптің кейін табыс көзіне айналғанын айтады.
− Негізгі мамандығым есепші, бірақ ауылдық жерде бұл сала бойынша жұмыс табыла қоймады. Оның үстіне былтыр жолдасым дүниеден озған соң, үш баламның жауапкершілігі жалғыз өзіме артылды. Тәттінің жаңа түрлерін аз уақытта үйреніп, үлкен қызығушылықпен әзірлей бастадым. Алғашында туыстарымның тойына, жақындарыма дәм татқызып, көпшіліктің жылы пікірін естіп жүрдім, тіпті қонаққа келген адамдар «дәмі тіл үйіреді» деп сенім білдірген соң ауыл тұрғындарынан тапсырыс қабылдаймын деп шештім. Кейін заң бойынша кондитерлік дүкеннің құжаттарын рәсімдеп, жолдасымның атымен «Асқар» ЖК орталығын аштым. Қазір жергілікті халық түрлі тәттілерге тапсырыс берумен қатар, донер, кәуап сынды тағам түрін асханаға келіп сатып ала алады. Халықтың қолдауымен, өз қаражатыммен басталған кәсіптің тұтынушылары күн санап артып келеді, тіпті көршілес Жаңақұрылыс, Қарашалаң, Бекарыстан би ауылдарының тұрғындарынан жиі тапсырыс түседі, − дейді Бақытгүл.
Жас кәсіпкер де өзінің кондитерлік өнімдерін Instagram, WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы жарнамалайтынын жеткізді. Әзірге шағын ауылда өзге кондитерлік асхана болмаған соң Бақытгүлдің де бәсекелесі жоқ, сондықтан барлық өнімнің бағасы халықтың қалтасына қонымды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: