ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУҒА ҚОМАҚТЫ ҚАРЖЫ ЖҰМСАЛДЫ
Былтыр республикалық, облыстық, қалалық бюджеттен Қызылорда қаласының инфрақұрылымын дамытуға барлығы 3 млрд 376 млн теңге бөлінді.
Ауызсу, кәріз жүйелері мен ғимараттарын қайта жаңғырту инвестициялық бағдарламасына сәйкес, облыстық бюджеттен қоса қаржыландыруға 61 млн теңге, Ұлттық қор есебінен 545 млн теңге бөлінді. Былтыр «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы Республикалық бюджеттен бөлінген 3 млрд 44 млн теңгеге қаламызда 34,4 шақырым ауызсу, 7,8 шақырым кәріз су құбырлары қайта жаңғыртудан өтті. Ауызсу инфрақұрылымын дамытуға 16 млрд теңгеге жуық қаржы тартылды. Қазіргі таңда республика бойынша қалаішілік су құбырлары 70 пайыз толық жаңартылған, толығымен таза жерасты ауызсуын тұтынып отырған бірден-бір шаһар – Қызылорда.