Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖАҢА ТӨРАҒА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ЖАҢА ТӨРАҒА ТАНЫСТЫРЫЛДЫҚызылорда облыстық сотының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, ҚР Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Әділ Құрқбаев Қызылорда облыстық сотының ұжымына тағайындалған облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Бахытжан Қалымбетті таныстырды, деп хабарлады Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі.
Таныстыру рәсіміне облыстық, қалалық әкімдік, мәслихат өкілдері, Қызылорда облыстық соты жанындағы соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңес төрағасы, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының Қызылорда облыстық филиалы, прокуратура, ішкі істер, Ұлттық қауіпсіздік, Әділет департаменті басшылығы, облыстық мемлекеттік кірістер департаменті және Қызылорда облыстық сотының алқа төрағалары мен судьялары қатысты.
Жаңадан тағайындалған алқа төрағасының қызметі мен жеке қасиетіне тоқталған Әділ Құрқбаев: «Бақытжан Қалымбет Қызылордада туып-өскен, осы өңірге еңбегі сіңген азамат. Өз ісінің кәсіби маманы, білікті басшы, әділдіктің ақ жолындағы еңбегімен алдағы уақытта да еліміздің сот жүйесінің беделін арттыруға зор үлесін қосады деп сенім білдіремін», - деді. 
Шара барысында Әділ Құрқбаев сот жүйесіндегі соңғы жаңалықтар мен заманауи технологиялардың жетістіктерін айтып өтті. Сондай-ақ, Ұлт Жоспары 100 қадам аясында атқарылған шараларға, сот ісін жүргізудің үш сатылы жүйесіне кеңінен тоқталды.
Облыстық сот төрағасының міндетін атқарушы, азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қайрат Адранов таныстыру рәсіміне арнайы келген ҚР Жоғарғы Сот судьясы Әділ Құрқбаевқа сот корпусы атынан алғысын білдірді. Өз кезегінде Бақытжан Қалымбет жауапты қызмет жолында тәжірибиесі мен күш жігерін салып, Елбасы артқан сенімді ақтайтынын жеткізді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: