Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай конференция өтті

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай конференция өттіБүгін, 18 қыркүйекте Қызылордада «Қазақ хандығы: тарихи және әдеби деректер мұрасы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Апта бұрын Елорда төрінде мемлекеттік деңгейде аталып өткен Қазақ хандығының мерейтойы тарихымыздың тереңде жатқандығын тағы бір айғақтады. Сол жиында сөйлеген сөзінде Елбасы: «Қазақ хандығы бұдан бес жарым ғасыр бұрын ғана шаңырақ көтерсе де, Еуразияның ұлы даласында орнаған арғы дәуірдегі сақ, ғұн, үйсін мемлекеттерінің, бергі замандағы Ұлы түрік қағандығы, Дешті Қыпшақ пен Алтын Орда мемлекеттерінің заңды мұрагері болды» - деп атап өтті.
Расында Қазақ елі тарымырын тереңге жайған бәйтерек іспетті. Ұлы дала төсінде ұлы істер атқарып, тарихта аты алтын әріппен жазылған батырлар мен данышпандар жетерлік. Конференция барысында әрбір тарихи оқиға ғылыми зерттеулермен баяндалды. 
- Біз Тәңірге, тарихи тағдырымызға жүздеген жылдық күрделі кезеңдері үшін өкпе айтпаймыз, бүгінгі және келешек ұрпаққа ең асыл мұра болып қалған Ұлы Отанымыз - Тәуелсіз Қазақстан үшін рахмет айтамыз!
Ендігі міндет – бабалар аманатына адал болып, Ұлы Дала елінде тәуелсіздікті мәңгі ету.
Ол үшін, біріншіден, азаттық дейтін асау тұлпардың тізгініне мықты уыс, тегеурінді тақым, алыстан барлап, қапысыз шешім таба алатын кемел ақыл қажет еді. Азаттық алған тарихи сәтте қазақ жұртына тап сондай ақыл мен тегеурін иесі бұйырып, бағы жанды. Ел тізгіні Елбасына тиді!
Екіншіден, қазіргідей аумалы-төкпелі заманда өз мүддесін толық, өз мақсатын анық білетін елдер ғана ілгері басады. Біздің елдік мүддеміз бен ұлттық мақсатымыз айқын, ол – Мәңгілік ел, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Ғылыми-тәжірибелік конференция барысында Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ханкелді Әбжанов Қазақ хандығының құрылуы мен оның дамуына қысқаша шолу жасады. Ал Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Берекет Кәрібаев пен С.Демирель атындағы Университеттің профессоры, филология ғылымдарының докторы Ислам Жеменей жазба деректердің мәнін тақратып айтып берсе, жергілікті ғалымдар тарихтағы тың деректермен бөлісті.
Коференция соңында жасалған баяндамалар және айтылған ойлар мен тұжырымдар негізінде ұсынымдар қабылданды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: