Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазгидромет алдағы демалыс күндерінің ауа райы болжамын жариялады

Қазақстан аумағында 11-13 ақпанда ауа райы құбылмалы болады. Қар жауып, жел жылдамдығы 15-23 м/с-ке жетеді. Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.


11 ақпанда Түркістан облысында, 11-12 ақпанда Жамбыл облысында қатты жел соғып, жылдамдығы 30 м/с-ке дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында қарлы боран соғады. Республика бойынша тұман түсіп, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ болады.
Температура күрт өзгермейді, тек түнде ауа температурасы шығыста 17-25, оңтүстік-шығыста 10-25-ке дейін төмендейді. Ал республиканың оңтүстігінде температура күндіз 5 градус аяздан 3-8 градусқа дейін көтеріледі.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: