Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордалықтардың 56,8 пайызы ауылда тұрады

2015 жылдың  1 мамырына  қызылордалықтардың жалпы саны (алдын-ала деректер бойынша) – 756,2  мың адамды құрады.  Оның ішінде қала халқы – 327,2 мың, ауыл халқы – 429,0 мың адам. Қалалық тұрғындар үлесіне  43,2%, ауылдықтар үлесіне – 56,8% тиесілі.
2015 жылдың қаңтар-сәуір айында облыста туылғандар саны 6182 адамды құрады, бұл 2014 жылдың  осы кезеңімен  салыстырғанда  382 адамға азайды. Жалпы халықтың туу коэффициенті 1000 тұрғынға есептегенде 26,73-тен 24,81-не  көбейген. 2015 жылдың қаңтар-сәуір айында облыста  өлім көрсеткіші 1455 адамды  құрап, 80  адамға азайды (2014 жылдың қаңтар-сәуір айында  1535 адам), ал жалпы өлім көрсеткішінің коэффициенті әрбір 1000 тұрғынға шаққанда 6,25-тен 5,84-ке азайған.                    
Тұрғындар арасындағы өлім себептерінің негізгі топтарының басым үлес салмағын қан айналымы жүйесінің аурулары алады (26,1%).
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: