Қызылордада бірнеше велосипед ұрлаған адам қолға түсті
Қалалық полиция басқармасының қызметкерлері бір айдың ішінде бірнеше пәтер ұрлығын жасаған,бұрын сотты болған 34 жастағы күдікті азаматты қолға түсірді.
Ол үй иелері болмаған уақытта, аулаларына кіріп үй ішіндегі бағалы заттар мен велосипедтерді қолды еткен. Тексеру барысында күдіктінің облыс орталығында жасалған осы тектес басқа да алты қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды. Айғақ заттар тәркіленді.
Қазіргіуақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Барлық фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруамалдары жүргізілуде.