Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада биыл 186 млрд. теңгеден аса инвестиция тартылды

Биыл  өңірге 186 млрд. теңгеден аса инвестиция тартылды. Есепті кезеңде мұнай өндіру көлемінің төмендеуіне қарамастан, кен өндіру өнеркәсібіндегі инвестиция көлемі 62,2 млрд. теңгені құрады.


Индустрияландыру бағдарламасы шеңберіндегі жобалардың жүзеге асырылуы өңдеу өнеркәсібіне оң әсерін тигізіп келеді. Нәтижесінде, сала көрсеткіші 2,6 есеге артқан. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев мәлімдеді.
«Өңірдегі бірқатар әлеуметтік салаларға инвестиция тарту  көлемі ұлғайды.  Атап айтқанда, тамақтану бойынша қызмет көрсету 3 есеге, ақпарат және байланыс 1,7 есеге, денсаулық сақтау саласы 1,2 есеге өсті. 2023 жылға дейін облыстың экономикалық даму жоспары бекітіліп, 404 жобаны жүзеге асыру көзделуде. Сондай-ақ, «Қызылорда облысының инвестициялық мүмкіндіктері»  жобасы әзірленді. Сонымен қатар, барлық өңірде «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының шағын несиелік мекемесі жұмысын бастап, кәсіпкерлерге жылдық үстемақы 6 пайызбен берілуде. Бұдан бөлек, «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында 6 инвестициялық жобаға инженерлік инфрақұрылым жеткізу мәселесі пысықталуда», - деді басқарма басшысы Ринат Қалдыбекұлы.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: