Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ШИЕЛІДЕ РУСЛАН БӨЛЕБАЙҒА КӨШЕ БЕРІЛДІ

ШИЕЛІДЕ РУСЛАН БӨЛЕБАЙҒА КӨШЕ БЕРІЛДІШиелі ауданында жасындай жарқырап өткен шоқ жұлдыз, тележурналист Руслан Бөлебайды еске алуға арналған шара өткізілді. 
Қамшының сабындай қысқа ғұмырында талай белестерді бағындырып үлгерген тележурналист Руслан Бөлебайдың есіміне бүгін Шиелі кентінің орталығынан көше берілді. Көшенің ашылу салтанатына Руслан Әбсаттарұлының көзі тірісінде араласқан жолдастары мен қызметтес әріптестері, өнердегі әпкелері мен бауырлары, аудан жұртшылығы жиылды. Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев жалындаған жастығын журналистика мен өнер саласына арнаған, қысқа ғұмыры ішінде журналистика саласына өзіндік қол таңба салғанын тілге тиек етіп, ашылғалы отқан көше Русланның рухы мәңгі жадымызда сақталатынын жеткізді. 
Сондай-ақ, "Астана" мейрамханасында Русланның рухына арналып ас беріліп, Шиелі кенті ішіндегі орталық М. Шоқай атындағы алаңда «Жалындап өткен жас ғұмыр» атты еске алу концерттік кеш өткізілді. Концерттік кеште аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов Руслан Бөлебайдың өмірімен, қысқа ғұмыры ішінде жеткен жетістіктеріне тоқталып, бүгінгі ұйымдастырылып отырған еске алу шарасы бақилық болған Русланның рухы мәңгі өшпейтінін айтты. Концерттік кеш аясында қазақ эстрада сахнасында өзіндік орны бар, танымал өнер жұлдыздары Майра Ілиясова, Роза Әлқожа, Нұржан Қалжан мен аудан өнерпаздары ән салып, аудан жұртшылығына әсерлі кеш сыйлады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: