Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ТЕРЕҢӨЗЕКТЕ "МАЙЖАРМА" КАНАЛЫНА КӨПІР САЛЫНДЫ

ТЕРЕҢӨЗЕКТЕ "МАЙЖАРМА" КАНАЛЫНА КӨПІР САЛЫНДЫ

 

Көпір салу - сауапты істердің ең үлкені. Мұндай игілікті жұмыстар соңғы жылдары Сырдария ауданында көптеп атқарылуда. Мәселен, 2014 жылы Сырдария өзеніне үлкен көпір салынып, "Ғасыр жобасы" халықтың қуанышына айналды. Өткен жылы кент орталығындағы басты көше А.Имановтың бойындағы "Әйтек" каналының көпірі жөндеуден өтті және аталғын каналға тағы да қосалқы көпір түсті.
 
Ал бүгін кенттегі темір жолдың арғы жағындағы ағайындар зор қуанышқа бөленді. Көптен күтіп жүрген армандары орындалып, Б.Момышұлы көшесіндегі "Майжарма" каналына көпір салынып, ашылуы салтанатты түрде өтті. Сауапты іс асармен салынып, қысқа мерзімнің ішінде жүзеге асырылды. Игі іске "Нұр Отан" партиясы аудандық филиал төрағасы, аудан әкімі Ғ.Қазантаев бастамашы болып, нұротандық мәслихат депутаттары, аудан азаматтырының ауызбірлігінің арқасында бюджеттен тыс қаржы көздеріне қос көпір салынды. 
Көпірдің ашылу салтанаты сырдариялықтар үшін дәстүрге айналған спорт түрі - велошерумен басталды. Әдеттегідей, орталық алаңнан басталған велошеру А.Иманов, Қ.Қазантаев, Қ.Бөдеев, Қазақ көшелері арқылы жалғасын тауып, желмен жарысқандар жаңа көпірге дейінгі 10 шақырымдай жерді бағындырды және қуанышты сәтке куә болды.
Салтанатты шараға аудан ардагерлері, ардақты аналар, атқамінер азаматтар қатысып, көше тұрғындарының қуанышымен бөлісті. Өз кезегінде, көше тұрғындары сауапты іске себепкер болған жандарға ақ тілектерін, шексіз алғыстарын жаудырды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: