Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫДА ТҮНГІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЗАЛЫДА ТҮНГІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ БАСТЫ НАЗАРДААуданда орналасқан барлық мекеме ғимараттарының түнгі жарықшамдары стандартқа сәйкес орнатылуы тиіс. Бұл туралы аудан әкімі Нажмадин Шамұратов тұрақты кеңес мәжілісінде айтты. 
Бұған дейін көтерілген бұл мәселеге байланысты мекеме басшыларына ескерту жасаған аудан әкімі 20 сәуірге дейін жарықшамдардың толық іске қосылуын қамтамасыз етуді тапсырды. 
Сонымен қатар, мәжілісте жоғары органдардан келген бақылаудағы құжаттармен жұмыс жасау, Майдакөл, Аранды ауылдық округтері бойынша шағын кәсіпкерліктің дамуы, 2016 жылдың ІІ-ші жартыжылдығына баспасөзге жазылудың барысы туралы мәселелер қаралып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: