Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Үш жақты комиссияның көшпелі отырысы өтті

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н. Годунованың және облыстық, аудандық комиссиялардың қатысуымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үш жақты комиссиясының көшпелі отырысы болып өтті.

Үш жақты комиссияның көшпелі отырысы өтті

 

Отырыстың күн тәртібінде әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үш жақты комиссияның 2014-2015 жылдардағы жұмыстарының қорытындысы, жергілікті кәсіпорындардың еңбек қатынастары саласындағы жағдайы, еңбек ұжымдарындағы тұрақтылықты сақтауда кәсіподақ ұйымдарының рөлі, әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Арал аудандық үш жақты комиссияның атқарған жұмыстары қаралды. 
Отырыстың қорытындысымен басқарма басшыларына, үшжақты комиссия төрағаларына, мүдделі мемлекеттік органдарға жұмыс орындарын сақтау, аймақтағы әлеуметтік – қоғамдық тұрақтылықты сақтау жұмыстарын жүргізу бойынша тапсырмалар берілді.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: