Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада алғашқы тоқсанда кіріс жоспары қалай орындалды?

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық қаржы басқармасының басшысы Талғат Жақыпбаев өңір бюджетін толтыратын қаржы көлемі толық түскенін айтты.
Өз сөзінде сала басшысы наурыз айына қаралған 19,9 млрд теңге субвенция толық түсіп, тиісті орындарға аударылғанын да тілге тиек етті. Сондай-ақ, облыс бойынша жергілікті бюджеттің бірінші тоқсандағы кірістер жоспары 115,5 пайызға орындалды.
« Еліміздегі төтенше жағдайларға байланысты облыс әкімінің өкімімен "жедел әрекет етудің өңірлік штабы" құрылды. Облыста қоғамдық -саяси ахуал тұрақты, баға мәселесі бақылауда»,- деді Нұрғали Қордабай.
"Әлеуметтік маңыздағы 19 түрлі азық-түлік тауарларын сатып алу тізбесі бекітілді. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын толықтыруға, облыс әкімінің резервінен шұғыл шығындар бойынша 1107 тонна көлемінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті сатып алуға 105,8 млн.теңге қаржы бөлу жоспарлануда",- деді Нұрғали Рахымшаұлы.
Мұнан өзге, облыста жанар-жағар май қоры да жеткілікті. 2020 жылдың 16 наурызындағы жағдай бойынша АИ-92 маркалы бензин қоры - 3106,9 тонна, дизель отын қоры - 2984,5 тоннаны құрап отыр.
Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияның пайда болуын және таралуына жол бермеу мақсатында облысқа дәрілік заттарды, тест -жүйкелерді, зертханалық жабдықтарды сатып алуға 4309 млн.теңге бөлінді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: