2020 жылдың демалыс және мереке күнтізбесі: Қазақстандықтар қалай демалады Үкімет қаулысы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі 2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру кестесі бекітілгенін хабарлады. "Қазақстан үкіметінің қаулысымен Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру кестесі бекітілді", - деп жазылған хабарламада.
Демалыс күндері:
2020 жылдың 5 қаңтары жексенбіден 2020 жылдың 3 қаңтары жұмаға; 2020 жылдың 11 мамыры дүйсенбіден 2020 жылдың 8 мамыры жұмаға; 2020 жылдың 20 желтоқсаны жексенбіден 2020 жылдың 18 желтоқсаны жұмаға ауыстырылды. Үкімет қаулысы жайлы осы жылдың 6 қарашасында премьер-министрдің ресми сайтында жазылған, ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. alashainasy.kz