Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛЖАРМАДА ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖАҚСАРА ТҮСТІ

ҚЫЗЫЛЖАРМАДА ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖАҚСАРА ТҮСТІӘкімдердің халық алдындағы есеп беру шарасы дәл қазір Қызылжарма ауылдық округінде өтіп жатыр. Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен болған жиында ауыл әкімі  Ерлан Бейсенбаев пен «Ақсай» полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бастығының міндетін атқарушы, полиция капитаны Нұрлыбек Қордабаев өткен жылды қорытындылады.
Қала орталығынан 10 шақырым қашықтықта орналасқан округ тұрғындарының тұрмыс-тіршілігі, әл-ауқаты біршама ілгері. Өйткені, қалаға қарасты ауылдық округтер арасында «көгілдір отын» игілігін көріп отырған бірден-бір елді мекен. Мұндағы халыққа соңғы үлгідегі  мектеп, жаңа амбулатория, балабақша үздіксіз жұмыс істеуде. Сондай-ақ, қала мен ауыл арасында қоғамдық көліктер тұрақты қатынап, сапалы қызмет көрсетуде. Сондай-ақ, тұрғындардың өтінішіне сәйкес елді мекендегі шет аймақтарға да қоғамдық көлік қарастырылған.
Қазіргі кезде аталған ауылда 76 кәсіпкерлік нысан бар. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылға қарағанда 20 пайызға артып отыр. Сонымен қатар, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Бодықов» шаруа қожалығы 7 млн. 500 теңгеге 28 бас ірі қара алған.
Жылдан жылға ауылда жарық мәселесі де өз шешімін тауып келеді. Өткен жылы округте 10 көшеге 103 дана электр бағаналары мен қуаттылығы 250 кВт болатын 1 қосалқы станциясы орнатылып, әуе желілеріне жөндеу жүргізілген.

Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: