Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Пісте шаққан жасөспірім айыппұл төледі

Пісте шаққан жасөспірім айыппұл төледіАрал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 435 бабымен азаматша Ж.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушының кәмелет жасқа толмаған, 2001 жылы туылған баласы, қоғамдық орында жерге пісте тастап, қоғамдық тәртіпті бұзып, ұсақ бұзақылық жасаған.
Сот отырысында азаматша Ж. өзінің кінәсін мойындап, баласымен әңгімелесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізгенін және алдағы уақытта бұндай әрекеттер қайталанбайтынын айтты. Ол жасалған әрекет үшін кешірім сұрап, өкінетінін білдірді.
Кәмелетке толмаған Б. пістені қоғамдық орында жерге тастаған кінәсін мойындайтынын айтып, алдағы уақытта қоғамдық тәртіпті сақтайтынын білдірді.
Сот қаулысымен азаматша Ж. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 435 бабында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған аталған баппен жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 13874 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енген.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: