Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бағдарламалар түсіндірілді

Сырдария ауданында кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бағдарламаларға түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы жұмысшы тобы құрылып, аудан көлемінде тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Жұмысшы топ мүшелері Сырдария ауданына қарасты Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді, Бесарық және Қоғалыкөл  ауылдық округтеріне барып мемлекеттік бағдарламалар бойынша тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Топ құрамында аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Е. Ахетов, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Н.Әзірбек, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Омаров, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының маманы Н.Дайыров және Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Сырдария ауданындағы филиалының маманы О. Дүйсенов бар.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: