Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Шиеліде 9 мың түп саялы ағаш өсетін саябақ бар

 Шиеліде 9 мың түп саялы ағаш өсетін саябақ барШиелі шырайлана түспесе, ажарынан айырыла қоймаған. Даңқты диқан, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаев атындағы саябақ осыдан екі-үш жыл бұрын қолға алы нғанда қолдаушылардан күмәнданушылар көп болды.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабаралуынша,  Пердәлі Архабаев басшылық жасап ұйымдастырған бұл саябақта 9 мыңнан астам саялы ағаш, 9500 гүл өсіп-өніп, жайнап-жайқалып тұр. Гүлдің неше түрлі сорты бар, шафран, питунья т.б. Барлығы 2 гектар жерге орналасып көк-жасыл, қызыл-ақ түске боянған мұндай көлемді аймақты көрудің өзі де бір ғанибет. Осының бәрін не бәрі 7-8 жұмысшы ат қарады. Егеді, суғарады,тыңайтады, баптайды. Келген қонақтар қуанады, суретке түседі, демалады. Осының бәрі адамның өз қолымен өзіміз үшін жасалған. Не ексең де өсіп-өне беретін Шиелі жерінің бәрібір өзіндік киесі бары анық.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: