Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Өткен жылы елімізде 143 жасөспірім өзіне қол жұмсаған

Өткен жылы елімізде 143 жасөспірім өзіне қол жұмсаған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«ҚР Қоғамдық денсаулықты сақтау орталығының мәліметінше, еліміздегі оқушылардың 12 пайыздан астам жәбірлеуге ұшырауы мүмкін. Өткен жылдың өзінде 143 жасөспірім өзіне қол жұмсаған болса, 306 адам өзіне қол жұмсауға әрекеттенген. Яғни, әлем бойынша еліміз балалар арасындағы суицидтен алдыңғы қатардың бірінде тұр. Бұған қоса көп жағдайда суицидтің не үшін жасалып жатқаны да белгісіз», - деді Мәжіліс депутаты Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.
Оның атап өтуінше, «Балалар құқығын қорғау бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясындағы жұмыс тобы «жәбірлеу» түсінігін тек ұғым ретінде енгізуді қарастырып отыр.
«Яғни, тек алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру, балалар арасындағы алдын алу жұмысын жүргізу үшін қажет. Бұл құбылыстың орын алып отырғанын бәріміз білеміз. Ал бұл мәселені шешуде бірізділік жоқ. Мектептердегі жұмыстың әралуандығына алып келіп отыр. Жәбірлеудің жалғасы ретінде кибербулингтің орын алу қаупі аса жоғары. Яғни, баланың психикасына, жеке басына байланысты кемсітетін іс-әрекеттерді әлеуметтік желілер, WhatsApp мессенджері, жеке СМС хаттар арқылы көпшілікке тарату орын алу мүмкін. Сонымен қатар бұл түсінік бойынша ешқандай әкімшілік немесе қылмыстық іс-әрекеттерді енгізу жоспарланып отырған жоқ», - деді Елнұр Бейсенбаев.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: