Ақпараттық саясат тақырыбында облыстық семинар-тренинг өткізілді
Бүгін облыстық әкімдіктің мәжіліс залында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет және ақпараттық саясат» тақырыбында облыстық семинар-тренинг өткізілді.
Бұл шара Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы және «Ашық Азаматтық Қоғам» ақпараттық-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Интернет-ресурстар және әлеуметтік желілер арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты ұйымдастыру, сондай-ақ әлеуметтік желілерді тиімді пайдалану бойынша оқыту» әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылды.
Қала, аудан әкімдіктерінің, облыстық басқармалардың баспасөз хатшыларына арналған облыстық семинарда видеоблогер, ютубер, қоғам белсендісі Герман Дьяченко YouTobe видеохостингінде жұмыс жүргізу мен оны ілгерілетудің жолдары жайлы айтса, облыс әкімінің баспасөз қызметінің маманы, журналист, "Naqty aqparat" интернет каналының бас редакторы Абай Тағыберген бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орнату, әлеуметтік желіде конструктивті дұрыс пікірлер қалыптастыру, контентті дамыту мәселелері бойынша жан-жақты сөз қозғады.
Шара барысында мемлекеттік мекемелердің баспасөз хатшылары ақпараттық саясатты жүргізуде азаматтардың сұраныстарына құлақ асып, жедел әрі тиімді әрекет ету үшін әлеуметтік желіде халықпен кері байланыс орнатудың маңыздылығы мен халық үніне құлақ асатын мемлекет қалыптастырудың жолдарын талқылап, еркін форматта ой бөлісті.