Аудан әкімі М.Оразбаевтың кезекті есепті кездесуі Құланды ауылдық округі Ақбасты елді мекенінде өтті.
Есепті кездесу барысында өткен жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында елді мекеннің орталық көшесіне 3 млн теңгеге түнгі жарық шамдары орнатылғандығы баяндалды. Сондай-ақ, аудандық бюджеттен 3 млн 696 мың теңгеге «Тағзым алаңы» салынып, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай тарту етілді. Бұдан бөлек, ауылдағы «Талдыбике» шахталық құдығына 532 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмысы жүргізілген. Бұл жөнінде жиында округ әкімі Қ.Әбдіраманов баяндаған болатын.
Сонымен қатар, 2016 жылы округ бойынша салық түсімдері 100 пайызға орындалған, мал басының саны едәуір артқан.
Ауылшаруашылық бағытында «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасымен жеке кәсіпкер Н.Едігеева жылқы малын өсіруге 3 млн теңге несие алып,жұмыс жасауа.
Есепті кездесуде ауыл әкімінен бөлек учаскелік полиция инспекторы Ж.Дәулетов та жылдық есебін баяндады. Ілкімді істерді саралаған басқосуда тұрғындар атқарылған жұмыстарды мұқият тыңдай келе сұрақтарын жолдап, аудан әкімі атап өткен міндеттерге ризашылықтарын жеткізді.