«Өрлеу» бағдарламасына Арал аудандық бюджетінен 3292,0 мың теңге қаржы қаралды. Қазіргі таңда Арал қаласынан 1 адам бағдарламаға қатысуда, 2 адам құжаттарын дайындауда.
«Өрлеу» бағдарламасы – отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына шартты ақшалай көмек беру бағдарламасы. Аталған бағдарламаның төмендегідей 2 бағыты бар: Отбасының еңбекке жарамды мүшелерін тұрақты жұмыспен қамтуға психологиялық бейімдеу арқылы отбасының қиын жағдайдан шығуына жәрдемдесу;Мамандығы жоқ азаматтарды мемлекет тарапынан өңірге қажетті әр түрлі мамандықтар бойынша қысқа курстарға оқытып, әрі қарай жұмыспен қамту.
Бағдарламаға табысы аз, тұрақты жұмысы жоқ, мамандығы жоқ жұмысқа қабілетті азаматтар және оралмандар қатыса алады.