Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазалы ауданында «Нұрай» жеке балабақшасы пайдалануға берілді.
Балабақшаның ашылу салтанатына аудан әкімі Нажмадин Шамұратов қатысып, бүлдіршіндердің қуанышымен бөлісті. Мемлекеттік және жекеменшік әріптестік аясында пайдалануға берілген балабақшада 75 бала тәрбиеленетін болады. Екі қабатты ғимаратта жас өрендердің тәрбие мен білім алуына қажетті жағдайдың барлығы бар. Мектепке дейінгі білім беру нысанының құрылысына 75 млн. теңге қаржы жұмсалған.
Айта кетейік, Қазалы ауданы бойынша 27 балабақша, 32 шағын орталық, барлығы 59 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды. 3-6 жасқа дейінгі балалар 100 пайыз балабақшамен қамтылған.