Көктем мезгілі басталған шақта адамзаттың басты парыздарының бірі - ағаш егу жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді.
Шиелі ауданы орталығын абаттандыру, көгалдандыру мақсатында тал егу рәсімі ұйымдастырылды. Тал егу рәсіміне аудан әкімі Қ. Сәрсенбаев қатысып, үйеңкі ағашының көшеттерін отырғызды. Кент орталығындағы И.Әбдікәрімов көшесінің бойына жалпы саны 450 түп ағаш отырғызылды.